Home Жаңалықтар Жапонияда G20 саммиті өтуде

Жапонияда G20 саммиті өтуде

56

Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан G20 саммитінде әлем елдерінің басшылары жаһандық проблемаларға алаңдаулы екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Kyodo.

Осака қаласында Үлкен жиырмалықтың (G20) саммиті басталды.  Жиын екі күнге созылады.

Үлкен жиырмалық (G 20) саммитіне қатысушы көшбасшы елдердің басшылары АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына, Таяу Шығыстағы күрделенген геосаяси жағдайларға қатысты пікірлерін білдіруде.

Жиынның ашылуында сөз алған Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэ әлемдік сауда саясатында қалыптасқан қазіргі жағдай мен шектеу шаралары еш тарапқа пайда әкелмейтіндігін айтты.

inform.kz

Алдыңғы жазбаМинистрлік: Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 9 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Келесі жазбаЕржан Максим елордадағы жеке концерті аншлагпен өтті