Home Жаңалықтар Вейпке толық тыйым: Мәжіліс заң қабылдады

Вейпке толық тыйым: Мәжіліс заң қабылдады

64

Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жаңа нормалар қарастырылған.

«Электрон тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар көзделген», – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ, құжат медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды міндетті түрде қолдануды алып тастайды.

Заң Сенаттың қарауына жіберіледі.

Алдыңғы жазбаАлматыда болған жойқын жер сілкіністері
Келесі жазбаАлматыдан 212 шақырым жерде тағы жер сілкінді