Home Жаңалықтар ҰҚК Түркістан облысында полицейді ұстады – Қылмыс

ҰҚК Түркістан облысында полицейді ұстады – Қылмыс

35

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Түрікстан облыстық полиция департаменті көші-қон қызметкерін ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

«2018 жылғы 7 желтоқсанда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті М. Жұмаділовті Өзбекстан Республикасының азаматы үшін тұру ықтиярхатын рәсімдеуде жәрдем көрсеткені үшін 260 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алу кезінде қылмыс үстінде ұстады.

2019 жылғы 25 ақпанда Мақтаарал аудандық сотының үкімімен М. Жұмаділов ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2,6 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды», – деп хабарлады комитеттегілер.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚуандық Бишімбаев Шымкентке ауыстырылды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаБақыт Сұлтанов азық-түлік бағасының өсуін болдырмауды тапсырды – Ел жаңалықтары