Home Жаңалықтар Украина мен Ресей арасындағы достық келісімі күшін жойды – Жаһан

Украина мен Ресей арасындағы достық келісімі күшін жойды – Жаһан

50

Украина мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік туралы келісім 1 сәуірде ресми түрде күшін жойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

РФ мен Украина арасындағы достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім-шартқа немесе «Үлкен келісім-шартқа» 1997 жылы 31 мамырда Киевте Ресей мен Украина президенттері Борис Ельцин мен Леонид Кучма қол қойған. Шарт 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап он жылға күшіне енген. Тараптардың бірі алдын ала оны бұзғысы келетінін хабарламаса, құжат әрбір он жыл сайын автомат түрде ұзартылады.

Еске салсақ, 10 желтоқсанда Украина президенті Петр Порошенко Ресеймен достық туралы келісім-шарттың қолданысын тоқтату туралы Заңға қол қойды. Оны РФ СІМ өкілдері қате шешім деп атаған. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматыда түнде болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі зардап шекті – Тосын жай
Келесі жазбаТрамп Венесуэла жайлы Путин және Си Цзиньпинмен сөйлесуі мүмкін