«Жәшіктегі» сынық көзқарас пен өмірдің темірдей логикасы.
Украинаны біздің «төрелер» төрт-бес жыл аясында «үшпен» оқитындардың қатарына қосып, әрқашан қоғамға «сендер Украинадай болғанын қалайсыңдар ма?» деп, ақыранып қоятыны бар еді.
Сонда, Украинаны сынап-мінеп, тек сол елдің сүйек-саяғын жыйып отыратын Ресейдің «жәшігіне» сүйеніп, арқаланып, азаматтарға қыр көрсеткені…
Сол ұдайы көрсеткен қырлары «мір» болып шықты.
Кеше бүкіл әлем украина қоғамының демократия стандарттары бапталған деген елдерден «көш-керуен» алға кетіп қалғандығын көрсетті.
Украин халқы демократияны жеңіп алып қана қоймай, ашық қоғамды құра білді.
Саяси процесстерге жаңа леп берді.
Енді біздің билікке «украинадай болғанын қалайсыздар ма?» деп сұрақ қою өте ыңғайсыз және қауіпті. Азаматтар «иә» деп жауап беріп, іс-қимылға көшуі ықтимал.
Елімізде демократия құндылықтарын енгізу, Конституцияға бағыну негізгі принцип.
Сол принципке биліктің өзі өз ырқымен көшкені жөн.
Саяси менеджменттің халықты «алдаңқыратуға» кеңістігі азайып келеді.
Бостандық, еркіндік «саяси қапастан» әлдеқайда жақсы.
«Жәшіктегі» иллюзияны, өмір шындығы жеңеді.
Бұл аксиома.
Автократияның уақыты тәмамға жақын…
Erlan Sairovтың Фейсбуктағы парақшасынан