Home Жаңалықтар Түркістан облысында кішкентай қызды өгей анасы қысқышпен қинаған

Түркістан облысында кішкентай қызды өгей анасы қысқышпен қинаған

36

Түркістан облысында кішкентай қыздың өгей анасы оны қысқышпен қинаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 

Өңірдегі ауыл мектебінің мұғалімі оқушының денесінен көгерген жерлер мен соққылардың ізін көріп, полиция шақырған. Қазір қылмыстық іc қозғалды. Қыздың өгей анасы полицияға жеткізілді.

«Сорақы жағдай тіркелді – өгей анасы баланы ұрған, пышақ, қысқыштан алған жарақатының іздері бар. Істі ҚР Бас прокуратурасы, ІІМ, БҒМ өз бақылауына алды. Дерек бойынша егжей-тегжейлі тергеу болып жатыр», – деп хабарлады министрлік.

Түркістан облысының білім басқармасы баланың үйде азап шеккенін растады. Қазір қыз бала әжесімен тұрып жатыр.

Министр Күләш Шәмшидинованың тапсырмасымен бүгін министрдің кеңесшісі Раиса Шер Түркістан облысына аттанды.

 

Алдыңғы жазба15 мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстемеақыларын алды
Келесі жазбаЗейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жедел форматқа ауыспақ