Home Жаңалықтар Түркия көкке қол созды

Түркия көкке қол созды

40

Кеше Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жарлығымен Түркияның Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды. Түркияда мұндай агенттік құру туралы мәселе 20 жылға жуық талқыланыпты. Бірақ, TUBITAK UZAY сияқты құрылымдары ғарышты зерттеуге қатысты технологиялар әзірлеумен біраздан бері айналысып келеді. Өзгенің ғарыш айлағынан ұшырды демесеңіз, түріктер 2012 жылдың өзінде әскери мақсатта қолданылатын Göktürk-2 жер серігін ұшырған. Оның құны 140 млн доллар еді. 2016 жылы Göktürk-1 әскери жерсерігін ұшырған. Алғашқысын Қытайдың, екіншісін Францияның ғарыш айлақтарынан ұшырған. Екі жерс ерігі де елдің қауіпсіздігіне қызмет қылады әрі түрік инженерлерінің жасап шығарған дүниелері. Одан бөлек азаматтық мақсаттағы жер серіктері мен өзге де ғарыштық қондырғылары аз емес. Алайда, ғарыш агенттігін енді құрып жатыр. Түбі, түркі дүниесіндегі ғарыштық держава Түркия болатын шығар. Космодромы жоқ болғанымен, технологиясы бар ел ғой.

Амангелді  Құрметұлы

Алдыңғы жазбаБайтұрсыновты ату жазасына кескен қазақтың кім екенін білесіз бе?
Келесі жазбаЕлбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады