«Қатынбай мен қарынбайлар». Біздің бай-бағландарымыз кім?
«Қазақтың байырғы бай, ауқатты адамдары қандай еді?! Ел-жұртының тыныштығын қорғаған сонау замандарды айтпай-ақ, ХV ғасырдағы Қазтуғанды алайықшы. Өте ауқатты, шонжар әулетте туған жыраудың өмірі аттың жалында өткен. Одан кейінгі Доспамбет жырау. Ақсүйек.
«Туған айдай нұрланып, дулыға кидім, өкінбен», — деді.
30-ға да жетпеген жасында Астраxань түбінде елін қорғап опат болды.
ХVIII ғасырдың Ақтамбердісі де ақсүйектер әулетінен. «Дұшпаннан көрген қорлығым, Сарысу болды жүрекке. Он жетімде құрсанып, қылыш ілдім білекке»,- деді.
- Шоқан — xан-сұлтанның тұқымы, отызға жетпей кетсе де, қазағы мен орысты таң қалдырды.
- Абай — ел билеген алпауыт, апайтөс шонжардың ұлы бола тұрып, қазақтың қамын ойлап, зар иледі.
- Кешегі арыстар — Сәбит, Сұлтанмаxмұт сынды кедей балаларын айтпайық, Аxмет, Міржақып, Мағжан, Әлиxан секілді бай балалары… Жағдайларын білесіздер.
Ал, бүгін ше? Біздің қоғамда бай-бағландар бар ма! Бар болса, олар кімдер? Не істеп жүр, xалқы үшін?
Париждің төрінен тоқалына 65 млн евроға пәтер алып берген қазақ байын бәріміз білеміз,
басқалары ше? Не бітіріп, не істеп жүр екен?!».
Расында, бүгінгі аты шыққан бай-бағландарымыз не істеп жүр?
Қазақтың, ұлттың қамын жеп, сол үшін басын құрбандыққа шалатындары бар ма екен?
Әй қайдам! Еліміздегі қазіргі байлардың тірлігі тек қарынбайлық сияқты ма, қалай?
(Журналист Айткүл Жұлдызбайқызының Фейсбуктағы парақшасынан алынды)