АҚШ президенті Дональд Трамп «қауіп–қатергетөтеп беру мақсатында» Таяу Шығысқа 1500 сарбазды жібермек. АҚШ қорғаныс министріміндетін атқарушы Патрик Шанахэнніңмәлімдемесінде конгреске пентагон жоспарыжайлы хабар жіберілгені жазылған.
BBC жазуынша, Таяу Шығысқа сарбаздарменбірге әскери ұшақ, дрондар және өзге де қаруларжіберілмек.
АҚШ президенті Дональд Трамп жұма, 24 мамырда Жапонияға сапары алдындаВашингтонда журналистерге Таяу Шығысқа«салыстырмалы түрде шағын» әскери топжіберілетінін айтты.
Осы айда Парсы шығанағындағыжағдай ушыққан. 11 мамырда төрт мұнайтанкері (екеуі – Сауд Арабиясына тиесілі, бірі – Норвегияда, бірі Сауд Арабиясындатіркелген) шабуылға ұшыраған. Зардапшеккендер жайлы ақпарат хабарланбады. Қазіргікезде АҚШ Парсы шығынағына бір ұшақтасығыш, бір бомбалаушы ұшақ орналастырған.
Алайда бейсенбі, 23 мамырда Трамп Парсы шығанағына көп әскер жіберудің қажеті жоғынайтты.