тобының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің «ізбасарының» өлгенін хабарлады. Трамптың пікірінше, әскери операцияның нәтижесінде өлген ДАИШ жетекшілерінің бірі әл-Бағдадидің ықтимал мұрагерлерінің бірі болған.
Трамп содырдың аты-жөнін атамады. Ол сонымен бірге операцияның жай-жапсарына да тоқталмады.
27 қазанда Дональд Трамп АҚШ әскерилерінің Сирияда арнайы операция өткізіп, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының жетекшісі әл-Бағдадидің өзін және жанында бірнеше баланы жарып жібергенін хабарлаған. Операция Сирияның Идлиб провинциясында өтті. Оған әуе және құрлықтағы әскер қатысқан.
Ертесінде яғни, 28 қазанда Вашингтонда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының баспасөз хатшысы Әбу Хасан әл-Мухаджирдің өлгені хабарланды. Оған қатысты операция Алеппо қаласында болған.