Home Басты жазба Тоқаев тағыда сайлауға түсе ме?

Тоқаев тағыда сайлауға түсе ме?

343

Соңғы кезде қоғамда «Тоқаев мерзімі  біткен  соң,  тағыда  президенттік  сайлауға  түсуі мүмкін»  деген алып-қашпа  әңгіме айтыла  бастады. Бұрынғы  президент  Назарбаев  отыз  жыл  ел  басқарғанын ескерсек,  бұл қауесеттің өзегінде  бір  шындықтың  бұғып  жатқаны  айқын. Тіпті  мұсылман  мемлекеттерінің  президенттері  өздері  отырған  тақтан  не  өліп,  не  мемлекеттік  төңкеріс арқылы ғана  кететіні  бар.

Сондықтан  жұрттың  айтып  жүргені «Тоқаевта  Назарбаевт сияқты  жиырма – отыз  жыл   президенттікті  ешкімге  бермей  отырып  алмай  ма?»  деген  үрей екені  белгілі. «Егемен  Қазақстан»  газетіне  берген  сұқбатта Қасым – Жомарт  Тоқаев бұл  жөніндегі  өз  ойын  кесіп  тұрып айтыпты.

« – Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес. Мен бұған нық сенімдімін. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ.

Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген.

Ақыры осы тақырып қозғалған екен, бұған қатысты кейбір жайтқа кеңірек тоқталып, мән-жайын аша кетейін. Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін, осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде көп ойладым.

Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам».

Бұған енді  алып  қосарымыз  жоқ!

 

 

 

Алдыңғы жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
Келесі жазба2024 жылы құжаттар қанша тұрады?