Home Жаңалықтар Тоқаев Шөкеевті қабылдады

Тоқаев Шөкеевті қабылдады

59

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан қаласындағы құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі нысандарын салу барысы жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Алдыңғы жазбаІІІ Халықаралық Экологиялық Конгресс
Келесі жазбаДуальды оқытуды енгізу мен кеңейту бойынша жұмысты күшейту керек – Асқар Мамин