Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Токионың Нарита әуежайына ұшып келді, – деп хабарлайды Tengriews.kz тілшісі.
Жапониялық фан-клуб мүшелері әуежайда өз кумирін гүлмен қарсы алып, суретке түсіп, қолтаңба алды. Кездесуге жанкүйерлер жақсы дайындалғанын атап өту керек. Олар өздерімен Қазақстанның жалауы мен плакаттар әкелген. Бұған дейін Димаш Құдайберген ABU TV Song Festival 2019-да өнер көрсететіні мәлім болған. Ол Қазақстанды шақырылған мейман ретінде таныстырады. Концерт 19 қарашада Токиода өтеді.