Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы
Joint Technologies ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 миллиард теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.
«Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын», – делінген хабарламада.
2023 жылғы қазандағы Forbes деректері бойынша, Joint Technologies ЖШС меншік иесі Тимур Құлыбаев болып табылатын «Кипрос» ЖШС-нің еншілес құрылымына тиесілі.