Home Жаңалықтар Супербоул жеңімпаздары анықталды – Спорт

Супербоул жеңімпаздары анықталды – Спорт

28

АҚШ-та Ұлттық футбол лигасының осы маусымдағы финалдық кезеңінде New England Patriots командасы Los Angeles Rams клубын 13:3 (0:0, 3:0, 0:3, 10:0) есебімен жеңді. Кездесу Атлантада Mercedes-Benz Stadium стадионында өтті, – деп хабарлайды Reuters.

Клуб осымен алтыншы рет жеңіске жетіп отыр. Сонымен қатар, бұл ойында 41 жастағы Том Брэди арнайы атаққа лайық болды. Ол чемпионатты жеңген ең үлкен квотербек атанды. 

New England Patriots NFL жарыстарының алты дүркін  (2001, 2003, 2004, 2014, 2017, 2019) чемпионы атанды. Жеңіс саны бойынша олар Pittsburgh Steelers командасымен қатарласып, бірінші орынға шықты

Супербоул – америкалық футболдағы АҚШ-тың Ұлттық футбол лигасында чемпион атану үшін ойналатын финалдық матч. АҚШ-та бұл Super Bowl Sunday (жексенбі Супербоул) мерекеге айналған. Миллиондаған қаражат жарнамаға бөлінеді және көрермендер саны жүз миллионнан асады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЭмилиано Сала ұшқан ұшақтың қайда құлағаны анықталды – Футбол
Келесі жазбаӨлікке таласқандар немесе өлген соң құның қанша?