Home Жаңалықтар Су ресурстары комитетінің басшысы қамалды — Ел жаңалықтары

Су ресурстары комитетінің басшысы қамалды — Ел жаңалықтары

281

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға — 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланбай отыр.

Айта кетейік, 15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланған еді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаНазарбаев Мәсімовке Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын берді — Ел жаңалықтары
Келесі жазбаНидерландыда трамвайдағы атыс: Полиция күдіктінің суретін жариялады — Жаһан