Home Жаңалықтар Синоптиктер Орал тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Орал тұрғындарына ескерту жасады

42

Қазгидромет Орал тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.

«2024 жылғы 11 наурызда Оралда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Алдыңғы жазбаТоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Келесі жазбаГоловкин Италияда қазақстандық боксшылармен кездесті