Home Жаңалықтар Шымкентте бір мектептен түлеп ұшқан 88 түлектің 80-і грант иегері атанған

Шымкентте бір мектептен түлеп ұшқан 88 түлектің 80-і грант иегері атанған

41

ҰБТ тапсыру нәтижесіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша үздік көрсеткіш иегері ретінде №90 орта мектеп көш бастап тұр. Жыл сайын жоғарғы нәтиже көрсетуді дәстүрге айналдырған білім ордасынан 2018-2019 оқу жылында 88 түлек түлеп ұшып, олардың 80-і грант иегері атанған деп жазады Замана.

Үнемі үздіктер қатарынан көрінетін білім ошағының бұл жолғы жетістігі жөнінде мектеп директоры Арман Орынбеков айтып берді.

«2018-2019 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге мектебімізден 88 бітіруші түлек қатысты. Қуантарлығы, алтыншы тамыз күнгі жарияланған мәліметтер бойынша мектебіміздің 80 түлегі мемлекеттік грант иегері атанып отыр. Биыл біздің білім ордамыздың тесті­леу­дегі орташа көрсет­кіші 107 балды кұрап отыр. Былтырғы оқу жылымен салыс­тыр­ғанда қала мек­тептері арасында ең үздік нәтижеге жеттік.

Түлектеріміздің басым көпшілігі ақпараттық технологиялар, менеджмент және басқару, әуе кө­лігі және технологиялары, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, жалпы медицина, электр техникасы және энергетика мамандықтарын таңдаған. Олар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Сүлейман Демирель атындағы университет пен Азаматтық авиация академиясы секілді еліміздің алдынғы қатарлы ЖОО-ның студенті атанып отыр.

Мұның барлығы талапшыл пән мұ­ғалімдері мен ықыласты ата-аналарымыздың еңбегі деп білемін. Бітірушілерге мамандық таңдауда мектеп тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, мемлекеттік грант иегері атануына мүмкіндік жасалып отырады. Сондықтан да болар, жеті жыл көлемінде 500-ден астам түлектеріміз ЖООның грант иегерлері атанды» , – деп мақтанды білім ошағының басшысы.

 

Алдыңғы жазбаБҰҰ қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың зымыран сынағын талқылады
Келесі жазбаМұғалімдер бес күндік жұмыс аптасына қашан көшетіні белгілі болды