Home Жаңалықтар ШҚО тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді – Ел жаңалықтары

ШҚО тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді – Ел жаңалықтары

48

Шығыс Қазақстан облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция комитеті» ММ-ге сілтеме жасап.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі 2 ақпанда Астана уақытымен сағат 03.54-те тіркелді. Эпицентрі Қазақстан мен Қытайдың шекарасында, Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 616 шақырым жерде. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте. Энергетикалық класы – 12,9.

Магнитудасы 5,8 MPV.

Зайсан және Өскемен тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЦукерберг бір тәулікте 6,2 миллиард долларға байыды – Бір үзік
Келесі жазбаОлжастың экологияға оралуы