Home Жаңалықтар ШҚО-да Зайсан көлінен екі балықшы құтқарылды – Ел жаңалықтары

ШҚО-да Зайсан көлінен екі балықшы құтқарылды – Ел жаңалықтары

58

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінің тұрғындары балыққа шығып, өздігінен қайтып келе алмаған, – деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО ТЖД мәліметінше, оқиға 2 сәуірде Аманат ауылына жақын маңда Зайсан көлінің жағалауында болған. 

«Бес адам балыққа шыққан. Олар жағадан шамамен алты шақырымдай ұзаған уақытта, қайықтарына су кіре бастаған. Үш балықшы қайтып кеткен, ал екеуіне құтқарушылардың көмегі қажет болды», – деді төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Құтқарушылар қайықпен екі адамды эвакуациялаған. Ешкім зардап шеккен жоқ.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаГеннадий Головкин келесі жекпе-жегін қай аренада өткізетінін шешті – Бокс
Келесі жазбаКөкшетау қаласының әкімі тағайындалды – Ел жаңалықтары