Home Жаңалықтар «Сені сүйем»: Қаза тапқан бортсерік өлер алдында сүйіктісіне хабарлама жіберген

«Сені сүйем»: Қаза тапқан бортсерік өлер алдында сүйіктісіне хабарлама жіберген

56

Шереметьевода өртенген ұшақ: Қаза тапқан 22 жастағы бортсерік Максим Миосеев өлер алдында сүйіктісіне хабарлама жіберіп үлгерген. Жас жігіттің ғашығы Ксюша онымен әріптес болып шықты. Анықталғандай, бойжеткен де стюардесса болып қызмет атқарады.

Бұл туралы Mash Telegram арнасында хабарланды.

Онда Максимнің өлер алдында сүйіктісіне «Мен сені сүйем» деген хабарлама жібергені жазылған.

Қазіргі таңда, Ксюша Максимнің ата-анасының қасында екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, Максим Миосеев Шереметьево әуежайындағы ұшақ өрт кезінде өзге адамдарға көмектесемін өзі газдан уланып,қайтыс болған.

KAZ.NUR.KZ

Алдыңғы жазбаАғылшын тіліндегі пән оқушыларға тек 10-11 сыныпта оқытылады
Келесі жазба«ХАЛҚЫМ» ДЕЙТІН ПРЕЗИДЕНТКЕ, ХАЛЫҚ ҚАШАНДА СҮЙЕУ БОЛА АЛАДЫ