Home Жаңалықтар Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсірді

Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсірді

36

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласта ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (52-1-2, 35 КО) жеңілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кештің басты кездесу 11-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, мексикалық боксшы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Альварес кәсіпқой шаршы алаңда 52 кездесуде (35 нокаут) жеңімпаз атанып, бір рет жеңілген, ал екі кездесуді тең аяқтаған. Ковалев 34 кездесуде (29 нокаут) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген, сондай-ақ бір кездесуде тең түскен.

Алдыңғы жазбаҚазақстан тарихы тек Ресей архивтерінің деректеріне ғана сүйеніп жазылған
Келесі жазбаДимаш Құдайберген жапондықтарды концертке шақырды