Home Жаңалықтар Сарыағаш ауданының мектептерінде сапалы білім бар

Сарыағаш ауданының мектептерінде сапалы білім бар

97

Расында да «білім инемен құдық қазғандай». Жақын жерде оңай нәрсе жоқ. Қазіргі уақытта өркениет дамыған сайын адам да  өсе түседі. Оның үстіне бүгінгі педагогика да білім мен ғылымға бейімделудің ерте кезден басталғаны жөн екендігін атап көрсетеді. Қазірде білім берудің сандық және сапалы деңгейі мен түрлері саналуан болған шақта, білімнің қадір-қасиеті мен құдіретін жоғалтып алмауды ұмытпаған жөн. Білім, шын мәнінде, ұлы күш екендігін әрбір жас ерекше сезінгені абзал. Бұл орайда Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында соңғы жылдары айтарлықтай сапалы білімге қол жеткізіліп келеді. Өйткені тәрбие мен білім егіз. Сондықтан да бала білімді болғанымен, тәрбие саласы ақсап жатса, онда ешқандай нәтиже болмайды.

­–Бұл орайда бізде екі сала да жақсы жолға қойылған. Ауданның білім беру мекемелері оқу мен тәрбиеге бөлек қарамайды. Сондықтан да біз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеміз. Әрине, тәрбие талбесіктен деп жатады. Бірақ білім беру ұйымдарының да баланы тәрбиелеуде рөлі өте үлкен. Өйткені оқушы уақытының біраз бөлігін мектепте өткізеді. Сондықтан аудан мектептерін тәрбиеге саласына қатысты игі шаралар көп өткізіледі, – дейді бізбен әңгімесінде Сарыағаш аудындық білім бөлімі басшысы Бауыржан Құрбанәліұлы Майрихов.

Ақиқатына келсек, бұзық балалар қайдан шығады? Ең алдымен отбасыдан дұрыс тәрбие алмағандықтан. Мұндай жағдай арагідік орын алып жатса, тек қана мұғалімдерді, білім саласындағыларды кінәлау кездеседі. Бұл дұрыс емес. Мұғалім жас ұрпақты білімді етіп шығарады әрі  тәлімді тәрбие береді.

Бала қашан да заман көшінен қалмау керек. Ол үшін әркез озық технологияны қолданып, сабақ барысы қызық өткені дұрыс. Бұл орайда Сарыағаш ауданының мектептері мультимедиялық жабдықтар мен құрылғыларды  қолданады. Оның үстіне білім мен ғылым саласында Елбасының тапсырмасына орай  қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бар. Бұль орайда Сарыағаш ауданының білім беру ұйымдары көш басында десе де болады. Атап айтар болсақ, «Күнделік» электронды журналына аудан мектептері 100 пайыз қосылған. Педагог қызметкерлер, ата-аналар мен оқушылар аталған жүйеге толықтай тіркелген. «Күнделік» электронды журналына ену көрсеткіші бойынша ауданның білім бөлімі облыста алғашқы орынды иеленеді. Міне, мұның өзі аймақта білім саласына көп көңіл бөліп жатқанын көрсетеді.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Түркістан облысы білім беру процесін автоматтандыру туралы» бұйрыққа сәйкес, jumys.sinsen.kz  пилоттық жобалары ендірілді. Жоба аясында ауданның білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарына кадрларды қабылдаудың жаңа жүйесін ендіру, білім беру ұйымдарының дацйындық топтары мен бірінші сыныптарына қабылданатын оқушыларды қабылдаудың жаңа жүйесі mekten. kz сайты арқылы жүргізілуде. Осы жүйені іске асыру мақсатында аудандық білім бөлімі барлық мектептерді іс-шара жасады. Аудандағы №141 Толыбай батыр атындағы жалпы  орта мектебінің базасында jumys.sinsen.kz  сайты бойынша жұмыс жүргізуге арналған орталықтандырылған кабинет ашылды. Бүгінгі таңда jumys.sinsen.kz  сайты бойынша ауданның 76 білім беру ұйымдарындағы жалпы 545 бос жұмыс орындары тіркелді. Сондай-ақ осы уақытқа дейін жалпы 283 маман өз дипломдарына сәйкес  және одан басқа 159 кіші техникалық жұмыскерлер жұмысқа қабылданды.

– Қуанатын бір жағдай, соңғы жылдары 200-ден астам мұғалімдер зейнеткерлікке шықты. Олардың орнына жас мамандарды қабылдадық. Жыл өткен сайын мектеп табалдырығын аттайтын оқушылардың да  саны артты. Өйткені демографиялық өсімі жоғары. Жыл сайын туу көрсеткіші артып келеді. Бұрын бір отбасында 8-9 баладан болса, қазіргі кезде олардың саны 10-12 жетті. Демек, ауданда әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жақсарды деген сөз. Бұл әрине көңіл қуантады. Оның үстіне аудан әкімі Қайрат Амангелдіұлы Әбдуалиев біздің салаға көп қамқорлық танытып келеді, – дейді Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан  Майрихов.

Сондай-ақ аудандағы білім саласының барған сайын жақсарып келе жатқанын мына бір деректер айқындап-ақ тұрғандай. 2015 жылды оқу жылын мектеп бітірушілер 70,8 баллмен аяқтаса, 2018 жылғы көрсеткіш 74,2 екенін айта кеткен жөн. 2018 жылы ҰБТ сынағында ең жоғары көрсеткішті сарыағаштық жас түлек алды. №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің бітіруші түлегі Ақерке Тастан ең жоғары 139 балл алды. Бұл әрине Сарыағаш ауданы үшін ең жоғары көрсеткіш.

Әрине, Сарыағаш соншалықты алыстағы аудан емес. Шымкенттен 2,5-3 сағаттық қана жерде. Өркениеттің ортасы. Бүкіл ауданның білім беру мекемелері қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілген. Қысқасы, бар баланың оқуына мүмкіндік жасаалған. Бір ғана мысал, Халықаралық Қоғамдық қорының «Көшбасшы педагог-2018» байқауы нәтижесінде №142 мектептің бастауыш  сынып мұғалімі 10 миллион теңгелік жеңіл автокөліктің сертификатын женіп алды. Демек, бұдан шығатын қорытынды не? Аудан әкімдігі  білім беру ұйымдарындағы ұстаздардың бар жағдайын жасап отыр.

Әрине, оқығанның орны бөлек. Мысалы, ақын Абай 32 –қара сөзінде былай деп жазады: «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас. «Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім» деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім – ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады». Демек, Ыбырай Алтынсарин айтқандай. «Оқысаңдар балалар, Шамнан шырақ жағылар».

Мейрамгүл СЫБАН

 

 

Алдыңғы жазбаОтандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Келесі жазбаҚара шаңырақта қарқынды жұмыстар жалғасуда