Home Жаңалықтар Сайлауда алғаш рет дауыс беретін елордалықтарға сыйлық табысталады

Сайлауда алғаш рет дауыс беретін елордалықтарға сыйлық табысталады

61

Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін елорданың 18 жастағы тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады, –  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, 23 мыңнан аса астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады.

Сондай-ақ, 9 маусымда туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтардың тапсырылатыны айтылады.

«Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!» атты арнайы имидждік жоба іске қосылды. 9 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етеді», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

 

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаГималайда жоғалып кеткен сегіз альпинист іздестірілуде
Келесі жазбаҚР БҒМ шетелдегі қазақтар үшін магистратура, докторантура бойынша білім гранттарын ұсынды