Home Қоғам Қызылорда облысында талды кесудегі ЖАБАЙЫЛЫҚ қашан тоқтайды?

Қызылорда облысында талды кесудегі ЖАБАЙЫЛЫҚ қашан тоқтайды?

1575

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың назарына!

Осыдан 8 жыл бұрын СІЗ ҚАЛА ӘКІМІ КЕЗДЕ  ОМЦ, Ықсанов училищесі, Айтеке Би көшесіндегі талдар жаппай БӨРЕНЕ қылып кесіліп тасталғанынан кейін тоқтаған сияқты болып еді, алайда бұл ҮРДІСТІ әлі  де қояр емессіз. (СУРЕТТЕ).

Өзіңіз жақсы білесіз Ықсанов училищесі алдындағы талдар 2017 ЖЫЛДАН кейін 3 РЕТ КЕСІЛДІ

Былтыр Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарында тал жаппай кесілді.

НЕГЕ КЕСІЛІП ЖАТЫР, КІМНІҢ ТАПСЫРМАСЫ және КІМГЕ ОСЫНДАЙ КЕЛТЕК ТАЛДАР ҰНАП ТҰР?  Белгісіз. Кеше ғана ОМЦ алдындағы талдар кесіліп жатқанын Рая Абдикадирова өз парақшасында суреттерін салды.

Кесіліп жатқан теректер.

Қыста оларды кесу себебі басына қарға қонады деген сылтау..

Ал терек ағашыты кесуге болмайды.  ЕРТЕҢ ІШІНЕН ШІРИТІН, ӨЛЕТІН ТАЛДАР. Кесуге шыдамды Қарағаштың өзін Қызылордада КЕЛТЕК ҚЫЛЫП кесуге МҮЛДЕМ БОЛМАЙДЫ.

Ал ТАЛДАР СУ БЕРІЛМЕГЕНДІКТЕН ӨЛІП ЖАТҚАНЫН ТАЛАЙ ДӘЛЕЛДЕП БЕРДІК ЕМЕС ПЕ?

Талдарды бұлай қылып кесуге кім рұқсат берді, АЛЛАНЫҢ, ТАБИҒАТТЫҢ ЖАРАТҚАНЫНАН «ЖАҚСЫ» ҚЫЛАМЫЗ, «ЖАСАРТАМЫЗ» ДЕП ЖҮРГЕН КІМ, қандай ғылыми негізге сүйеніп жасап жүр?

Былтыр ҚАЗАҚСТАН ӨСІМДІТЕРДІ ҚОРҒАУ ҒЗИ арнайы хат жазып сұрау салғаныма талды олай кесуге КАТЕГОРИЧЕСКИЙ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАДА ТІПТЕН  БОЛМАЙДЫ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ.

Қызылорда онсыз да тал шығуы қиын, аптап ыстық өңір, оның бас қаласын асфальтпен аптап, бетонмен қаптаған.

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА, ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯН ЕКЕНІН ҚАШАН ТҮСІНІП, БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ КІМ НҮКТЕ ҚОЯДЫ?

Назарбаев даңғылын «абаттандырып» 3000нан аса талды жойып, теп тегіс қылып оны қойдық.

Биыл БЕЙБАРЫС көшесін «абаттандырдық».  БІРАҚ ОҒАН СУ БАРМАЙТЫН ҚЫЛЫП ТАҒЫ ҚОЙДЫҚ.

АСТАНА ДАҢҒЫЛЫНДА ЖЫЛЫНА 20 ТАЛ ӨЛІП ЖАТЫР.

ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ЖАНЫНА ТАЛ ЕГІПСІЗДЕР, БИЫЛ ОНЫ ШЕЛЕКТЕП КІМ СУАРАДЫ?

ЕГІЛГЕН ЖЕРІ Назарбаев даңғылындай су тұрмайтын  ЕҢІС , астында арық ЖОҚ! КІМ,  ҚАЙ БАСЫМЕН ОЙЛАП олай ТАЛ ЕГІП ЖҮР?  ТҮСІНІКСІЗ.

 

Болат  Нұрхожаев «Байтақ»  жасылдар  партиясының ғылыми  сараптамалық кеңесінің  мүшесі

Алдыңғы жазбаРысқұлов, Қожанов және Бөкейханов: кімдікі бұрыс, кімдікі дұрыс?
Келесі жазбаҚаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша 1396 адам сотталды