Алматыға қытайдың Аңхой провинциясының өкілдері келіп, экономикалық ынтымақтастық орнату жөнінде үлкен форум болып өтті. Аңхой қаласы Алматыға ынтымақтастық орнатуды ұсынып отырған Қытайдағы провинциялардың алғашқыларының бірі.
Жиында экономикалық алыс-беріс жағы ғана сөз болмай, туризмді дамыту мәселесі де талқыланды. Осыдан екі жыл бұрын Аңхой привинциясы ресейлік туристерді тарту үшін үлкен жұмыс істепті. Демалыс күндері Мәскеуден провинцияның астанасы – Хэфэй қаласына ұшып баратын арнаулы рейс ашылған. Алматыдан Хэфэй қалсына төтелей ұшатын мұндай рейстерді ашу ойда бар дейді жиындағылар. Аңхой провинциясы мен Алматының табиғаты да ұқсас. Екеуі де таулы жерде орналасқан. Алматы Алатаудың бөктерінде орналасса, Аңхойда атақты Хуаншан таулары бар. Хуаншан – қытайшадан аударғанда «Сары тау» деген мағына береді екен. Алатау мен Сарытаудың аты ұқсас. Аңқой сонымен бірге Қытайдағы ең үлкен шай провинциясы саналады. Қазақтың шайшыл халық екенін ескерсек, әсіресе шайдан алыс-беріс күшейетіні анық болашақта. Мұнда шайдың екі сорты өседі. Шай бақшалары Янцзы өзенінің бойын түгел алып жатыр екен. Қонақтар оның дәмін татып та көрді жиында. Сөз алған Аңхой провинциясы губернаторының орынбасары, деоегацияны бастап келген Су Ен мырзаның айтуынша, олар осы кездесуге ынтымақтастықты тереңдете түседі деп үлкен мән беріп отыр екен. «Ұлы Жібек жолы» кезінде өңірдегі елдердің экономикасына жан беріп, соның арқасында талай ел дамудың жаңа сатысына шығып, алыс-беріс тоқтамаған ғой. Бұл кездесу сол «Ұлы жібек жолының» жаңа форматы, жаңаша жолы дейді жиындағылар. Екі елдің бизнесмендері де ел көріп, жер көріп, мұндай іскерлік форум екіжақты қарым-қатынасты дамытуға жаңа серпін бермекші болашақта. Жиынның соңына қарай екі жақтың делегациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, алдағы үлкен байланыстың іргетасын қалады..