Home Жаңалықтар Қытайдың «Чанъэ-4» аппараты Айдың арғы бетіне қонды – БАҚ – Даму

Қытайдың «Чанъэ-4» аппараты Айдың арғы бетіне қонды – БАҚ – Даму

41

Қытайдың ұшқышсыз «Чанъэ-4» станциясы Айдың оңтүстік полюсінің аумағына сәтті қонды, – деп хабарлайды РИА Новости. Бұл әлемде тұңғыш Жер серігінің осы жағына қонған ғарыш аппараты. Онымен байланыс «Цюэцяо» орбиталы ретранслятор арқылы жүргізіледі. Станцияда айда жүретін құрылғы (лунаход) бар. Қонған жерді тексеріп, геологиялық және астрофизикалық эксперименттер жасап, онда тірі ағазға өмір бар не жоғын анықтайтын болады. 

«Чанъэ-4» аппараты 2018 жылы 7 желтоқсанда ұшырылды. 112 сағатта ол спутник орбитасында болды. Он тәулік бойы қондыру модулі мен луноход күн батареясы арқылы жұмыс істей алады. 

«Чанъэ-4» Оңтүстік полюс бассейіндегі Эйткендегі Карман кратеріне тоқтады. Ғалымдар осы жерде қазба байлықтарының зерттеу нәтижелері көптеген жаңалықтарды ашатынына сенімді. 

«Оңтүстік полюс Эйткен – ғалымдарды бұрыннан қызықтырады. 1990 жылдан бастап осы аймаққа қону мақсатында жұмыстар істелініп келеді. Оның ішінде АҚШ-та бар. Алайда Қытай бәрін басып озып, тұңғыш рет Айдың екінші бетіне аппарат жіберді», – дейді В. И. Вернадский атындағы институтта зертхана төрағасы Евгений Слюта.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЕкібастұзда оқушының қолында петарда жарылды – Тосын жай
Келесі жазбаНазарбаев кино туралы заңға қол қойды – Кино