Home Жаңалықтар Қытай елшісі Қазақстанда өтіп жатқан митингтерге қатысты пікір білдірді

Қытай елшісі Қазақстанда өтіп жатқан митингтерге қатысты пікір білдірді

41

Қазақстанда қытай кәсіпорындарын салуға қарсы өтіп жатқан митингтерге қатысты Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қытай дипломаты наразылық білдірушілер текке үрейленіп, босқа күдіктенеді деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, екі мемлекет басшыларының кездесуі қарсаңында болған бұл наразылықтар осы маңызды оқиғаға бағытталған арандатушылық іспетті.

– Наразылық білдірушілердің артында Қытайға және біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың дамуына селкеу түсіруді мақсат ететін қандай да бір күштер тұр деп болжанады. Солар араға от салу үшін жергілікті халықтың көңіл-күйін бұзып, наразылыққа итермелеуде деп топшылаймыз. Бары осы, басқа түк емес. Мен айтар едім, олардың бұл әрекетінен түк шықпайды, өйткені ол геосаяси теріс пиғылды мүдделерден туындауда, – деді Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо.

 

Алдыңғы жазба«Мейрамбек синдромы». Елді әншілердің «жаулап алғаны» – қоғамның дерті
Келесі жазбаМыңнан астам адам Өзбекстан азаматтығынан айрылуы мүмкін, басым бөлігі – этникалық қазақтар