Қырғызстан Бас прокуратурасы экс–президентАлмазбек Атамбаевтан тиіспеушілік статусыналып тастау үшін парламент таққан айыптарғабаға берді. Бақылаушы орган депутаттар таққаналты айыптың бесеуіне негіз бар деп тапты. Бұлтуралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылымжәне регламент бойынша парламент комитетініңжиынында бас прокурор Откурбек Джамшитовведомство шығарған шешімді оқып берді.
Депутаттар комиссиясы мен Бас прокуратура айыптары қысқаша мынадай:
18 маусымда Жогорку Кенешінің екі комитетіАтамбаевқа айып таққан комиссия қорытындысын қолдаған еді. Комиссия төрағасыКаныбек Иманалиев бұрынғы президенттентиіспеушілік мәртебесін алып тастау сегіз кезеңбойынша жүзеге асырылуы тиіс екенін айтқан.
Ереже бойынша, енді Бас прокуратура бағасыпарламентте қаралып, артынша бұрынғыпрезиденттен тиіспеушілік мәртебесін алыптастау–тастамау туралы парламент шешімішығады.
Қырғызстанда бұрынғы президент мәртебесінеРоза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаев ие. Алхалық толқулары нәтижесінде биліктен кетугемәжбүр болған елдің бірінші президенті АсқарАқаев пен екінші президенті Құрманбек Бакиевкеондай мәртебе берілмеген.