Home Саясат Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

57

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келеді.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары 18-19 сәуірге жоспарланған.

Бұл ретте Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Дастан Дюшекеев журналистерге сапар аясында екі ел басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізетінін айтты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, Жапаров Қазақстандағы Қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да бірқатар шараларға қатысады.

Алдыңғы жазбаБҚО-да адамдарды эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды
Келесі жазбаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады