Home Жаңалықтар Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті

44
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы сот кеңсесінен белгілі болды.

Елордалық соттың баспасөз қызметі күдікті Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскенін түсіндірді.

2024 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

  • Күдікті Қ.Бишімбаевқа ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.
  • Күдікті Б.Байжановқа ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.
  • ҚПК-нің 319-бабына сәйкес, судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені бес тәуліктен кешіктірмей шешеді.
Алдыңғы жазбаТоқаев Ердоғанды 70 жас мерейтойымен құттықтады
Келесі жазбаДимаш «When I’s Got You» жаңа бейнебаянының тұсауын кесті