Home Жаңалықтар Құзырлы орындар мемлекеттік саясатқа қарсы ма?

Құзырлы орындар мемлекеттік саясатқа қарсы ма?

42

Президент  бір емес  бірнеше  рет кәсіпкерлерді  қолдау керек,  оларға бөгет  болмай жол ашу  керек,  сонда  ғана ел экономикасының  күре  тамырына  қан жүгіреді  деп айтқан еді.

Бірақ  қолында  билігі  бар   төмендегілер президенттің  айтқанын  орындап жатырма?  Қайдам? Көңілім  сенбейді. Бір ғана  мысал айтайын. Еліміздің біраз  аймағында қоқыстарды қайта  өңдеу  зауыттары  бар. Бәз  бірі   істеп  тұр,   кейбір  тоқтап  қалған.  Енді  неге тоқтап тұр  дегенге келейік. Нұр-Сұлтан  шаһарында ҚазРР деген мекеме  бар. Кезінде  «Бәйтерек»  қорынан  несие алып, неміс технологиясын әкеп, технопаркте зауыт ашып,  шиналарды қайта  өңдеп,  одан түрлі  құрылыс заттарын шығара бастаған.Өкінішке  орай   еліміздегі  қаржы саласында болған  девальвациядан кейін қарызы  көбейіп біраз  тығырыққа тірелген көрінеді.  Әрине жаңадан ашылған зауыттың бірден көсіле шауып, өнім шығарып кетуі  оңай  емес.  Уақыт керек. Қаржылық тұрақтылық қажет. Ал  девальвация кәсіпкердің  жауы екені  белгілі.

Зауыттың біраз  уақыт кібіртіктеуі «Бәйтеректіктерге»  ұнамаса керек.  Ол жақтан  келгендер зауыттың  есепшоттарын  жөн-жозықсыз жауып тастаған. Міне  содан  бері   бір жарым –екі  жыл болды  зауыттың   есепшоты бұғақта  тұр. Осылайша  мекеме  жұмысы  тоқап  қалған. Бұл  экологиялық  маңызы  бар, қалдықтарды  қайта  өңдейтін  зауыт  болғандықтан  біз  өз  тарапымыздан  қорғап,  қолдауға алғанды жөн  деп  таптық. Арнайы  жиналыс өткіздік. Жиынға  қала әкімшілігінен, «Бәйтерек»  қорынан, қаржы  полициясынан,  Бас  прокуротурадан,  экология  министрлігінен адамдар  шақырдық. Бір  өкініштісі тек «Бәйтерек»  қорынан ғана өкіл  келді. Басқа құзырлы  орындар қажет  деп таппады  ма, әлде қаперіне  ілмеді  ме білмеймін,  хабар  бермеді. Неге? Бұл орындар президенттің жүргізіп  отырған  саясатына қарсы  ма? Бұрынғы Елбасы Нұрсұлтан  Назанбаевта,  қазіргі  президент Қасым-Жомарт Тоқаевта  елдегі кәсікерлікті қолдау  жөнінде  талай  мәрте айтты.

Ал құзырлы  орындар  керсінше  саясат ұстанады. Бұл қалай?  Керісінше  ел экологиясының жақсаруына мүмкіндігінше  үлес  қоса  бастаған зауытты  қиын  жағдайға  қадырмай  қолдауы  керек еді.  Қажет  болса  қорғау керек-тұғын. Қалдықтарды қайта  өңдеп, қоршаған  ортаны  сауықтыруға үлкен үлесі бар  бұл  зауытты  сақтап  қалу  үшін  біз  өз  тарапымыздан қолдан келгенше қолдау көрсетпекпіз.  Қажет болса     президенттің өзіне дейін  шығуға  әзірміз. Өркениетті елдерде  экологиямен айналысамын  дегендердің бәріне  жол ашық. Ал  біздің  елде  бәрі керісін ше? Өте  қызық.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ «Байтақ-Болашақ»  экологиялық  альянсының  төрағасы

Алдыңғы жазба«ҰРЛЫҚТЫ ҰРЛАНЫП ТҰРЫП ЖАСАЙДЫ…»
Келесі жазбаРесейде сенбілік шеру кезінде 300-ден астам адам ұсталған