Home Жаңалықтар ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды

ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды

39

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Сонымен, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярова сайланды. «Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», – деді ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. Айта кетейік, судья қызметіне сайланғаннан кейін, судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

 

Алдыңғы жазбаТрамп: АҚШ Еуропадан келгендерді уақытша елге кіргізбейді
Келесі жазбаАлтын Орда дәуіріне жататын «Қызыл оба» ескерткіші киелі орындар тізіміне енгізілмек