Home Жаңалықтар ҚР Президенті Жоғары ЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға келді

ҚР Президенті Жоғары ЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға келді

69

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Арменияға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына (Армения Республикасы) келді. Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», – деп мәлім етті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 

Алдыңғы жазбаОспан батырдың 120 жылдық мерейтойы атап өтілді
Келесі жазбаҚайдағы референдум? Оғыз Доған Геннадий Шиповскихке шүйлікті