Home Жаңалықтар Қостанайда 13 жастағы бала үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті

Қостанайда 13 жастағы бала үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті

88

Қостанайда 13 жастағы жеткіншек үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше кешке болған. Өзінің туған күнін атап өткен 13 жастағы оқушы алтыншы қабаттан құлап кеткен.

«Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Полицейлер оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр. Бұл факт бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда азық-түлік күрт қымбаттап барады
Келесі жазбаТараздың орталық алаңына «Нұрсұлтан Назарбаев» есімі берілуі мүмкін