«ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ және оның жекелеген еншілес ұйымдарының активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарына да аудит басталды.
«Атап айтқанда «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Qazaqstan Investment Corporation АҚ, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі; АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да қарызды басқару тиімділігіне аудит басталды», – делінген хабарламада.