Home Жаңалықтар Қазақстандық боксшы аргентиналықты нокаутқа түсірді – Бокс

Қазақстандық боксшы аргентиналықты нокаутқа түсірді – Бокс

35

Екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров аргентиналық Сезар Рейносоны техникалық нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласында өтті. Онда басты кездесуде Батыр Жүкембаев пен мексикалық Хильберто Меса жұдырықтасады. 

Сабыров – Рейносо жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген. Алтыншы үш минутта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді, ал жетінші кезеңде ол аргентиналықты соққының астына алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

25 жастағы Сабыров осылайша тоғызыншы жекпе-жегінде (сегіз нокаут) тоғызыншы рет жеңіске жетті. Ал 32 жастағы Рейносо болса 12-ші рет жеңіліске ұшырады, ол бұрындары 15 кездесуде жеңімпаз атанып, төрт кездесуде қарсыласымен тең түскен. 

Сабыров 2018 жылы алғаш рет кәсіпқой шаршы алаңда өнер көрсетті. Жүкембаев секілді ол барлық жекпе-жегін Канадада өткізді, себебі оның мүддесін жергілікті Eye of the Tiger Management промоутерлік компания жүргізеді. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБатыр Жүкембаев бокс кешінің басты кездесуінде жеңіске жетті – Бокс
Келесі жазбаМамин Шымкентті дамытуды және құрылыс жүргізудің кешенді жоспарын қабылдауды тапсырды – Ел жаңалықтары