Home Жаңалықтар Қазақстанда жол сапасын жақсартуға 350 миллиард теңге бөлінеді – Ел жаңалықтары

Қазақстанда жол сапасын жақсартуға 350 миллиард теңге бөлінеді – Ел жаңалықтары

58

Нұрсұлтан Назарбаев облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасын жақсартуға 350 миллиард теңге бөлуді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біздің балаларымыз, шөберелеріміз осы жолдармен жүреді. Заманауи жолдар желісін кеңейту – үкіметтің негізгі міндеті. Оның орындалуын партиялар бақылауы тиіс. Осыны жүзеге асыру үшін 350 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Осы ақшаны дұрыс жұмсаған жағдайда 2025 жылы облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасы 95 пайызға жақсарады деп санаймыз», – деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде.

Президенттің айтуынша, өңірлік транспорттық инфрақұрылымдардың барлық нысанын жақсартуға да осы қаражат жұмсалады. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы жолдардың да сапасы жақсаратыны айтылады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚазақстанда төрт ЖОО сатылымға шығарылды – Қаржы-қаражат
Келесі жазба«Бақылауда ұстаймын» – Назарбаев мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жайлы – Ел жаңалықтары