Home Жаңалықтар Қазақстанда Тенгри деген курорт-қала салу ұсынылды

Қазақстанда Тенгри деген курорт-қала салу ұсынылды

40

Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Тенгри деген курорт-қала салу туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.

Қала үшін 2,6 мың га жер бөлінген. Ол жер телімі 2010 жылы «Жаңа-Іле» туристік орталығының жоспарына енген, бірақ онда сол күйі ештеңе салынбаған болатын.

Мәдениет және спорт министрлігі бұл ұсынысты талқылауға шығармақ. Шенеуніктер арнайы жұмыс тобын құрып, оның құрамына премьер-министрді, түрлі министрліктер мен Алматы облысы билігінің өкілдерін қосуды көздеп отыр.

Бұл жоба – республикалық туристификация картасындағы үздік 10 нысан тізіміне енген Алматы тау кластерінің бір бөлігі.

Жобаны жүзеге асыру туризмді дамытып, өңірдегі туристік индустрияның бәсекелігін арттырады.

Алдыңғы жазбаАльварес қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты
Келесі жазбаӘміржан Қосанов президент сайлауына кандидат болып тіркелді