Home Жаңалықтар Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды

Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды

55

Биыл 1 қазаннан бастап қазақстандық пойыздарда жол жүру құнын 20 пайызға арттыру жоспарланып отыр.

Бұған дейін Көлік министрлігінің баспасөз қызметі бұл өсім біршама бағытқа әсер ететінін хабарлаған болатын. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушылар бағыты жүріп жатыр, оның 62-сінде тариф бағасы өседі.

«62 маршруттың деректері облысаралық қатынаста жүреді. Олар республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұдан басқа, облыстық бюджет субсидиялайтын облысішілік қатынас та бар. Олар жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алдыңғы жазбаДСМ Қазақстандағы коронавирус жағдайына қатысты мәлімдеме жасады
Келесі жазбаПрезидент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады