Home Жаңалықтар Қазақстанда митинг кезінде полицейлерге қандай әрекеттер жасауға болады?

Қазақстанда митинг кезінде полицейлерге қандай әрекеттер жасауға болады?

44

ІІМ-ге қарасты әкімшілік полиция комитетінің басшысы Мақсат Байболов президенттік сайлау күні құқық тәртібін қамтамасыз ету қалай іске асатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол мемлекет бойынша қоғамдық құқық тәртібісайлау туралы заңға сәйкес қамтамасыз етілетінінжеткізді. Бұл күні полиция қызметінің қалыптыжұмысынан бөлек, олардың бір бөлігі сайлауучаскелеріндегі тәртіпті қорғауға жіберілмек.

Бәрінен НұрСұлтан, Алматы және аса ірі облысорталықтарында полицейлердің қарасы көпболмақ. Айта кетерлігі, тоғызншы маусым күніелордада полиция қызметі күшейтілмейтінболады.

«Қоғамдық тәртіпті қорғауға барынша көпполицей тартылды. Сайлау бөлімшелеріне 19 мың тәртіп сақшысы жіберілмек. Мемлекетбойынша қоғамдық тәртіпті қорғауға онмыңнан астам полиция қызметкеріжұмылдырылмақ. Олар көшелер мен қоғамдықорындардағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Бұлшараның сайлауға түк қатысы жоқ. Бұлполицейлердің күнделікті жұмысы. Оның үстінежаздық кезең басталды «, – деді Байболов.

Журналистер полициядан заңдастырылмағанмитинг кезінде қалай әрекет ету керектігіжөніндегі нұсқаулық пен оларға қандай жағдайдадубинканы қолдануға болатынын сұрады.

«Жоқ, нақты нұсқаулық бермейміз. Бізденормативтік бұйрықтар бар« ,деп жауапберді Байболов.

Оған қоса, ол арнайы құралдар (ред: дубинкалар) азаматтардың көнбеуі мен олардың жәнеполицейлердің өміріне қауіп төнген кездеқолданылатынын айтты.

Алдыңғы жазба«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жайлы жалған ақпарат таратқан адамға іздеу салынды
Келесі жазбаЕрболат ТӨЛЕПБАЙ, суретші, мемлекеттік сыйлықтың иегері: Мен үшін қазақтан биік халық жоқ