Home Жаңалықтар Қазақстанда бес адам теракт жасамақ болған – ҰҚК

Қазақстанда бес адам теракт жасамақ болған – ҰҚК

48

Деструктивті діни ағымның бес ізбасары қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылы 27 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды ​​мен Таразда лаңкестік күдігімен деструктивті діни ағымның бес ізбасарын ұстады, олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар», – деп атап өтті департаменттегілер.

Бұл адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстінің 257-бабы, яғни «Террористік топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу», сондай-ақ 256-бап, яғни «Терроризмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеушілердің айтуынша, бұл топ республикамызда халық көп жиналатын жерлерде теракт жасау мақсатында құрылған. Тергеу жүріп жатыр.

Алдыңғы жазбаМайк Помпео: Сауда, инвестициялар мәселесін талқылауды асыға күтемін
Келесі жазбаҚазақстанда шетелдік жұмысшылар тарту квотасы 40%-ға қысқартылды