Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
«Бүгінде 60 адам ауруханаға жатқызылды, кеше олардың 18-і үйлеріне жіберілді. 42 адам ауруханада жатыр. Оларды тексеріп жатыр», – деді Біртанов.
Еске салайық, мұның алдында дене қызуы мен жөтел болғанда қазақстандықтарға жедел жәрдем шақыруға кеңес берілген болатын. «Коронавирус инфекциясының жаппай тарауына байланысты және індеттің алдын алу мақсатында сіздерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», – делінген еді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.