Өткен айда Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін шекарада 3 мыңнан аса адам ұсталды. Бұл мәліметтерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі келтіріп отыр,.
ҰҚК Шекара қызметі мәліметінше, шекара кеңістігінде 3 186 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталған, оның ішінде:
- 38 шетел азаматтары шекараны бұзғаны үшін;
- 29 шетел азаматтары шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
«Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде: 49 факт – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 келіден жоғары; 36 факт – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер); 38 факт – діни әдебиет (842 дана); 341 факт – жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам); 744 факт – жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 134 факт – жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам шетел валютасы», – делінген хабарламада.