Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бірлескен мәлімдемесі;
- Ресей-Қазақстан өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісім;
- Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы Кәсіпорындардың ғылыми-техникалық кооперациясы саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары.