Украиндық блогердің айтуынша Азиядағы ең жалқау мемлекет Қазақстан.
Аптасына 36 сағат ғана жұмыс істейтіндер қатарында екенбіз. Ал аптасына ең көп — 49 сағат жұмыс істейтін ел Бангладеш.
Сонда бір аптада 36 сағат жұмыс істейтін қазақстандықтар Азиядағы ең еріншек халық деп танылған.
Деректерге сай Ұлыбритания, Германия елдері секілді дамыған мемлекеттердің азаматтары аптасына небәрі 33 сағат жұмыс істейді.
АҚШ-та бұл көрсеткіш 34 сағат. Әлемдегі ең ұзақ жұмыс істейтін елдер Африкада. Мысалы Мысырда жұмыс аптасына 53 сағат. Соған қарамастан бұлар дамыған емес, дамушы мемлекеттер қатарында. Демек мамандардың еңбектің ұзақтығынан көрі өнімділігі маңызды деген сөзі рас.