Home Жаңалықтар Қасиетті Рамазан айы басталды

Қасиетті Рамазан айы басталды

53

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды.

Ораза 6 мамырдан 5 маусымға дейін жалғасады.

«6 мамыр – Рамазан айының бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым – ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», – деп жазған еді А. Қонарбайұлы өзінің Фейсбук парақшасында.

Ораза тұту – игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы – бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.

Оразаға ниет: «Алла Тағаланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін мүбәрак Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»

Жамағат назарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметтері негізінде Ораза айында мән берер мәліметтерді ұсынамыз:

– Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 300 теңге.

– Пітір-садақадан түскен қаражат есебінен мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі.

– Жүкті, омырауда баласы бар немесе хайыз, нифас кезіндегі әйелдерге, жолаушыларға, науқас жандарға ораза ұстау – парыз емес. –

Сапарда жүргендерге ораза ұстамауға болады. Бірақ басқа күндерде санын толтырып, ауыз бекітеді. Егер сапар қиындық туғызбаса, абзалы – ауыз бекіту.

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемін мына сілтемеден көруге болады.

 

inform.kz

Алдыңғы жазба6 мамырға арналған ауа райы болжамы
Келесі жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады