Home Жаңалықтар Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты – Тосын жай

Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты – Тосын жай

35

Қарағанды облысында жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Апат 17 ақпанда сағат 17.00-де Акой ауылынан 15 шақырым жерде, Қарағанды-Атасу тас жолында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы Audi жүргізушісі Қарағанды бағытында келе жатып, көктайғақтан рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mazda автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi көлігіндегі төрт жолаушы алған жарақаттарынан сол жерде-ақ мерт болды. 37 жастағы Mazda жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлты жасар балалар балабақшадан шығарылмайды – БҒМ – Ғылым-Бiлiм
Келесі жазбаСІМ: Қазақстан Үндістан мен Иранда жақында болған терактілерді айыптайды