Home Жаңалықтар Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды – Ел жаңалықтары

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды – Ел жаңалықтары

63

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жандос Әбішев екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше Қарағандының мамандандырылған тергеу соты Жандос Әбішевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова.

Еске салайық, мұның алдында Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынғаны хабарланған болатын. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғанын мәлімдеген еді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба11 жастағы қазақстандық Софи Манасян АҚШ-та дарынды деп танылды – Бір үзік
Келесі жазбаАстанада тұрғын үй өртенді – Тосын жай