Ресей президенті Владимир Путин Донбасс аймағында 2014 жылдан бері тұрып жатқанукраиндықтарға Ресей азаматтығынжеңілдетілген тәртіппен беру туралы жарлыққақол қойды. Жарлық 1 мамырдаКремль сайтындажарияланды.
Путиннің жарлығына сәйкес, Донбасстағықарулы қақтығысқа дейін өмір сүріп жатқандарғада азаматтық алуына мүмкіндік берілген. Ішкіістер министрлігі мәлімдеуінше, 77 мың Украинаазаматы Ресейден баспана алған. Ал федерациякеңесі соғыс аймағынан қашқан тұрғындарсаны 2,5 миллионға жетеді деп хабарлады.
Путин қол қойған жарлықта Совет одағыаумағында дүниеге келген Ауғанстан, Ирак, Йемен, Сирия тұрғындарына және олардыңбалаларына да жеңілдетілген тәртіппеназаматтық беру қарастырылған.
Путин 27 сәуірде Пекинде «Бір белдеу – бір жол» саммитінде Ресей билігінің Донбасс қана емес, Украинаның барлық азаматына жеңілдетілгентәртіппен азаматтық беру мәселесін қарастырыпжатқанын мәлімдеген. Ол Донбасс тұрғындарына азаматтық беруге шамамен 100 миллиард рубль жұмсалады деген.